Әлеумет

Қазақ дәстүрлері ұлықталды

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында елордалық жас отбасылар арасында «Қазағымның дәстүрлері-ай» атты ұлттық-этнографиялық сайысы өтті. «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл сайысқа 8 отбасы қатысты.

Ал іс-шараның қолдаушысы болған Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп басты мақсат қазақ хaлқының сaлт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптaрын заманға сай жаңғырту, жастар арaсында насихaттау, отбасы институтының мәртебесін көтеру, іргесін нығайту, дәстүрлі отбaсылық құндылықтaрды жастар арасында дәріптеу, жас отбасылардың қоғaмдық белсенділігін aрттыру екендігін айтып өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған жобаның авторы – «Қара шаңырақ» ҚБ төрағасы тарихшы-этнолог Тұрар Сәттарқызы іс-шара барысында отбасы құндылықтарын сақтау және дәріптеу әр қазақ баласының міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ осындай іс-шаралар арқылы оларға қолдау білдіру қашанда маңызды екенін айтты.

– Қазақ халқы үшін отбасы – береке мен бірліктің, ұлттық құндылықтардың бастау бұлағы. Жас жұбайлар отау тіккен сәттен бастап, ата-баба дәстүрін сақтап, ұрпақ тәрбиесіне мән беруі – ең маңызды міндеттердің бірі. Бабаларымыздан жеткен салт-дәстүрлер – тек әдет-ғұрып емес, олар отбасы ынтымағы мен ұрпақ сабақтас­тығын нығайтатын тәрбие құралы. Құдалық, беташар, тұсаукесер, шілдехана сынды дәстүрлердің барлығы отбасы құндылықтарын бекемдеуге бағытталған. Жас отбасының мықты болуы ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығына байланысты. Үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ене мен келін арасындағы жарасымды қарым-қатынас – берекелі отбасының айқын белгісі. Сондықтан бүгінгі іс-шараны біз жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп келеміз. Мақсатымыз – сол үлгілі қазақы отбасының тәрбиесін қоғамға дәріптеу. Биыл еліміз бойынша Наурыз­нама мейрамы кең көлемде аталып өтті. Соның аясында іс-шараларымыздың да сипаты ерекше болды. Бүгінгі қатысып отырған барлық отбасына сәттілік тілеймін, – деді Тұрар Сәттарқызы.

Ең әуелі «Қара шаңырақ» ҚБ төрайымы Тұрар Сәттарқызы өзі қырқынан шығарған, өкіл баласы Алпамыс Таңатұлының тұсаукесер рәсімі жасалды. Одан кейін жарысқа қатысушы отбасылар өздерін таныстырды.

Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, «он саусақтан өнер тамған» – отбасы мүшелерінің қолөнері, «өнер, білім бар жұрттар» негізгі шығармашылық кезең деген үш кезең бойынша бақ сынады.
Нәтижесінде бас жүлде – Сәдуақасовтар отбасына бұйырса, I орын – Ұлықпанұлы отбасына, II орын – Ахетовтар отбасына, III орын Зияханов­тар отбасына берілді. Бұдан бөлек «Өнерлі отбасы» арнайы номинациясын – Нұғмановтар отбасы, «Дәстүрге берік отбасы» бойынша – Сұлтановтар отбасы, «Өнегелі отбасы» – Шаяхметовтер отбасы және «Көрермен көзайымы» номинациясын Габдушевтер отбасы иеленді.

Бетті дайындаған Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button