Қоғам

Елордада «ET-FEST» мерекелік ет жәрмеңкесі өтеді

Елордада 21 және 23 наурыз күндері «ET-FEST» мерекелік ет жәрмеңкесі өтеді, оған Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12А мекенжайында орналасқан «Koktal» сауда орталығының тұрағында өтеді.

Сондай-ақ, аталмыш сауда және ойын-сауық орталығында бұл күндері қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеде жеміс-жидек пен көкөніс, ет, ұн және сүт өнімдерін, тәтті-дәмділер және т.б. сатып ала алады.

Қала жәрмеңкесі 10:00-ден 22:00-ге дейін (әр демалыс күндері) жұмыс істейді.

«ET-FEST» жәрмеңкесі сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін (21, 22 және 23 наурыз) жұмыс істейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button