Әлеумет
Астанада 60 адам өрттен құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары 60-қа жуық адамды құтқарды және эвакуациялады деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталып, өрттің шығуына себеп болды.
ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.