Қоғам

Ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталды

Ұлттық құрылтай соңғы төрт жыл бойы тек қоғаммен кеңесіп, пікір алмасу жүргізетін негізгі алаң ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтайтын орынға айналды.

Бұл алаңда жыл сайын стратегиялық және ағымдағы маңызы бар мәселелер талқыланады, әрі олардың екеуі де мемлекеттің кешенді дамуы үшін маңызды. Стратегиялық міндеттер ұзақ мерзімді прогресстің негізін қаласа, ал ағымдағы міндеттер өзекті мәселелерді шешуге көмектесіп, кең ауқымды мақсаттарға жетуге ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның өткір сұрақтарына жауап бере отырып, жүйелі әрі сауатты түрде басымдықтарды белгілеп, осылайша мемлекет ұстанымдарын анықтап отыр. 2025 жылғы құрылтай ұлттық бірегейлік пен тарихи сананы жаңғыртуға көбірек мән берді. Оның Бурабайда өтуі – табиғат пен тарихтың үйлесімін көрсетсе, келесі құрылтайды Қызылордада өткізу туралы шешім елорданы көшіру туралы тарихи оқиғаның 100 жылдығымен байланысты болды.  Бұл Қазақстанның тарихи тамырларын, өңірлердің рөлін, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған бастамалар екенінің көрінісі. Маған тарих пәні мұғалімі ретінде тарихи фактілерді кең ауқымда қарастыруы айрықша маңызды болды. Кеңестік кезеңге өз бағасының берілуі, бұл дәуірді әрқилы бағалау керектігін аныктауы, оның әрі жағымды, әрі жағымсыз жақтары болғанын айкындауы, тарих ғылымына жаңа серпіліс беретіні анық.

Президент мектептерде, білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісіне қатысты өте маңызды мәселеге тоқталды. Ол тәрбиелеу мен оқытудың бірлігі керек екенін атап өтіп, қазір өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше назар аударды және жасанды интеллектіні тиімді қолдануды айтып өтті. Мұғалімдер сабақ барысында адам мен жасанды интеллект арасында жарыстар ұйымдастыру мүмкіндігіне ие. Адам интеллектісін белсенді түрде пайдаланса, жеңімпаз бола алатыны айқын. Бұл екі интеллекті өзара үйлесімді жұмыс істеп, жаңа білім көкжиегін ашатын бірегей жағдайды қалыптастырады, білім беру үдерісін жаңа деңгейге көтереді деген ойдамын. Осылайша, әр жылдағы Ұлттық құрылтайлар елдің өзекті мәселелерін талқылап, тиісті шешімдер қабылдауымен ерекшеленеді.

Нұрлан АДАМОВ,

Астана қаласы

№99 орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button