Қоғам

«Jayap Ber»: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алады

Maqsut Narikbaev University конституциялық және саяси зерттеулер институты Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған «Jayap Ber» әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоба аясында MNU омбудсмендер клубының студенттерін белсенді тарта отырып, оқушылар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне барып, онда сотталғандарды ұстау шарттарын өз көздерімен көріп, қылмыстық әрекеттердің нақты салдары туралы біледі. Экскурсия түсіндіру жұмыстарымен бірге жүреді, оның барысында қызметкерлер заңсыз әрекеттердің құқықтық салдары туралы және тіпті бір қателік адамның тағдырын қалай түбегейлі өзгерте алатындығы туралы айтады.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің заңға саналы көзқарасын қалыптастыру, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастарға бостандық жоғалту оңай, бірақ қайтару өте қиын құндылық деген ойды жеткізу.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button