Құқық

SIM-BOX пайдаланылған алаяқтық әрекеттердің жолы кесілді

Жыл басынан бері Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы бөлімшелері және «Қазахтелеком» АҚ-мен бірлесіп, 57 SIM-BOX құрылғысын заңсыз пайдаланудың жолын кесті. Арнайы операция барысында түрлі ұялы байланыс операторларына тиесілі 38 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта тәркіленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Тек наурыз айының алғашқы онкүндігінде «Бүркіт» арнайы жасағы мен полиция қызметкерлері осындай 4 фактіні анықтады.

Астанада өз автокөлігінде ел аумағында алаяқтық қоңыраулар шалуға арналған SIM-BOX құрылғысын тасымалдаған шетел азаматы ұсталды. Тінту барысында одан 128 ұяшығы бар екі SIM-BOX, 19 қазақстандық оператордың SIM-картасы және компьютерлік техника тәркіленді.

Одан бөлек мобильді байланысқа заңсыз араласу фактісі бойынша елордалық екі тұрғын ұсталды. Олардан екі SIM-BOX және компьютерлік техника табылды.

Сол күні Шымкент қаласының тұрғыны да SIM-BOX құрылғыларын заңсыз сақтағаны және пайдаланғаны үшін ұсталды.⏺

Тергеу барысында күдіктілердің криптовалюта арқылы апта сайын шамамен 1 мың АҚШ доллары көлемінде заңсыз пайда тауып отырғаны анықталды. Барлық ұсталғандар қамауға алынды, тергеу жалғасуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button