Қоғам
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 22 трлн теңгеден асқан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артқанын хабарлады. 1 наурыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинағы 22,68 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 21,4%. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері 650,69 млрд теңге болды. Бір жылда ерікті зейнетақы жарналары ең үлкен өсім көрсетті (42,8%): 8,14 млрд теңге.
Салымшылардың зейнетақы шоттарына жыл басынан бері түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 310,13 млрд теңгеден асты.