Мәдениет

Құлашын кеңге сермеген Қуыршақ театры

Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК ашылған күннен бастап әлемдік театрлармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл күнге дейін  бағаналы басты орданың қуыршақ театры арқа төрінде театр фестивальдерін өткізіп, көптеген халықаралық театр додаларына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Қазақ қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режссері, сырлы суреткер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін» ордендері мен медальдарының иегері, «Еңбек ардагері»,  профессор Құралай Ешмұратова атындағы I Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі алғаш рет, 2015 жылы ұйымдастырылып, 2018 жылы жалғасын тапқан болатын.

Тілге тиек болған I Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне Перу, Эстония, Болгария, Сербия, Румыния, Ресей, Татарстан, Түркия, Тәжікстан, Италия, Тунис, Бельгия, Босния және Герцеговина сияқты т.б мемлекеттер қатысып, өнер мерекесі аясында «EURASIA PUPPET»  – қуыршақ театрлары ассоциациясын құру» – меморандумына қол қойылды. Бұл меморандум театрлар арасындағы байланысты арттыра түсті. Нәтижесінде, Қазақстанның қуыршақ театры әлемдік  ұжымдармен достық қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып, өнер кеңістігінде құлашын кеңге сермеді.

2023 жылдың 25 – 29 маусым аралығында еңселі елордамызда  аталған фестиваль қайта салтанат құрды. Бұл жолғы III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне Қазақстан, Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей және Өзбекстаннан жалпы саны 13 театр қатысуда.  Аталған фестивальдің бір ерекшелігі арнайы номинация жеңімпаздарын балалардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

2023 жылы 10 мемелекеттің қатысуымен өткен III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналды.

2025 жылдың шілде айында Құралай Ешмұратованың 80 жылдық мерейтойына орай, IV Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі жоспарлануда.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button