Елорда тынысы

Грант куәлігін алдым, ары қарай не істеймін?

Грант куәлігін алдым, ары қарай не істеймін? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жауап береді, деп жабарлайды astana-akshamy.kz

Грант куәлігі grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді. Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін жоо-ларға құжаттар тапсыру керек.

Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Жеке куәлік,

3х4 көлеміндегі фото,

Орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом,

№075/у нысанындағы медициналық анықтама,

Ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі,

Білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда),

Жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).

Сәттілік, болашақ студенттер!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button