Ел тынысы

Астана халықаралық форумына әлемнен 600-ге жуық мейман келеді

Биыл 29-30 мамырда елордада әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік іс– шара – Астана халықаралық форумы (AIF2025) өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, форум бағдарламасы бүгіннің негізгі сын-қатерлерін қамтыған пленарлық сессия мен 25 пікірталас алаңынан тұрады. Әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық шетелдік қонақ қатыспақ. Олардың арасында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйым, корпорация басшылары, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері бар.

AIF- 2025 форумына қатысуды растағандар:

Поль Кагаме – Руанда Республикасының Президенті;

Эди Рама – Албания Премьер-министрі;

Андрей Пленкович – Хорватия Республикасының Премьер-министрі;

Мухаммед бин Абдулрахман Аль-Тани – Премьер-министр-Катар Сыртқы істер министрі;

Пан Ги Мун – БҰҰ 8-Бас хатшысы, Green Global Growth Institute төрағасы, «Boao Forum for Asia» директорлар кеңесінің төрағасы;

Ален Берсе – Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы;

Цюй Дунъюй – БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры (FAO)

Эми Поуп – Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры (IОМ);

Матиас Корманн – ЭЫДҰ бас хатшысы;

Дарен Танг – Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның бас директоры;

Антонелла Бассани – Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша дүниежүзілік банктің вице-президенті;

Хаолян Сюй – БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары;

Цзинь Лицюнь – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) президенті және директорлар кеңесінің төрағасы;

Юрген Ригтеринк – ЕҚДБ бірінші Вице-президенті;

Кубанычбек Омуралиев – Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы;

Себастьян Курц – Австрияның 26-Федералдық канцлері.

Пікірталас тақырыптарына келсек, биыл AIF жаһандық күн тәртібіндегі негізгі үш бағытқа назар аударады:

– Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;

– Энергетика және климаттың өзгеруі;

– Экономика және қаржы.

– Астана халықаралық форумы 2025 инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік дәуірінде өткізіліп, Қазақстанның әлемге ашықтығын көрсетеді. Біздің еліміз ірі әлемдік корпорациялар мен қаржы институттарының назарын аудара отырып, Орталық Азиядағы өз позициясын нығайта түсуде. Ауқымды реформалар, заңнаманы жаңғырту мен инвестициялық ахуалды жақсарту елдің дамуына және оның экономикалық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді. Форумның міндеті – ашық диалог пен шетелдік капитал тартудың, стратегиялық келісімдер жасасу мен экономикалық дамуға арналған бастамаларды ілгерілету үшін маңызды платформа болу, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ AIF2025 аясында Қазақстанның негізгі әріптестерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірқатар бизнес-форум жоспарланып отыр:

– Қазақстан-Франция бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр);

– Қазақстан-Италия бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр).

– Аталған іс-шаралар халықаралық ынтымақтастық, технология алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндік бермек, – дейді Ұлттық экономика министрлігінен.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button