Қоғам

Астаналықтар үздік жобаларға дауыс беріп жатыр

Елорда бірнеше жылдан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Соның арқасында астаналықтар өз аулаларын абаттандыру, жарықтандыруды жақсарту және жайлы қалалық ортаны құру бойынша ұсыныстар енгізу үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоба қазір елорданың барлық алты ауданында жүзеге асып жатыр.

Бағдарлама 7 кезеңнен тұрады: сарапшылық кеңесті құру, өтінімдер қабылдау, жобалық ұсыныстарды талдау, дауыс беру, қорытындылау, жұмыс жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру.

Елорданың Сарыарқа ауданында 2025 жылдың 20 қаңтары мен 1 наурызы аралығында өтініштерді қабылдау кезеңінде тұрғындардан 73 жобалық ұсыныс түскен. Сараптамалық кеңес барлық өтінішті қарап, 43 жобаны дауыс беруге мақұлдады.

Үздік абаттандыру жобаларына дауыс беру кезеңі 6-24 сәуір аралығында Сарыарқа ауданы әкімдігінің сайтында өтеді. Тұрғындар Egov Mobile қосымшасында дауыс беру арқылы жүзеге асыру үшін үздік жобаларды таңдайды. Ең көп дауыс жинаған жобалар 2026 жылғы құрылыс маусымында жүзеге асырылады.

Нұра ауданының тұрғындары « Халық қатысатын бюджет-2025» бағдарламасының қорытындысын шығарып үлгерді. Дауыс беру қорытындысы бойынша биылғы жазда 10 аула күрделі жөндеуден өтеді. Оның ішінде 8 жобалық ұсыныс ең көп дауыс жинап, жеңімпазы атанды.

Бағдарлама аясында 74 өтінім беріліп, оның ішінен сараптамалық кеңес жетілдіру критерийіне сәйкес келетін 15 жобаны таңдап алды. Олардың тең жартысы қала тұрғындары тарапынан барынша қолдау тапты. Бұл жобаларды жүзеге асыру сәуір айының ортасында басталып, жұмыстарды қыркүйектің екінші жартысында аяқтау жоспарланып отыр.

1 наурызда Сарайшық ауданында өтініш қабылдау аяқталды. Сараптамалық кеңес дауыс беру кезеңіне 36 жобаны мақұлдады.

Дайын жобалар аудан әкімдігінің ресми сайтына жүктеледі, онда «Халық қатысатын бюджет-2025» қосымша беті бар. Техникалық талдау мен тексеруден кейін өтінімдер дауыс беру кезеңіне өтеді.

Байқоңыр ауданында дауыс беру 5-24 сәуір аралығында өтеді. 2025 жылдың 20 қаңтары мен 1 наурызы аралығында аудан тұрғындары 9 жобалық ұсыныс енгізді. Олардың барлығы келесі кезеңге – дауыс беруге өтті.

Алматы ауданы әкімдігіне тұрғындардан 123 өтініш келіп түскен. Оның 107-сі 5 сәуірде басталатын дауыс беруге құқылы. Есіл ауданында тұрғындар 23 қаңтар мен 1 наурыз аралығында өтініш бере алды. Сараптамалық кеңес 109 жобаның 58-ін мақұлдады. Келесі кезең 6-24 сәуір аралығында өтеді.

07 сәуір 2025

«Таза Қазақстан»: елордада өткен Astana Run іс-шарасынан кейін әуесқой желаяқтар тазалық іс-шарасын өткізді

07 сәуір 2025

JOLTAP жобасы: Астана тұрғыны үш курсты тәмамдап, кәсібін дөңгелетіп отыр

06 сәуір 2025

Астанада биыл 15 мектеп ашу жоспарланып отыр

06 сәуір 2025

Астанада титулдық жекпе-жектен кейін жанкүйерлер трибунаны тазартты

04 сәуір 2025

Нұра ауданының құрылыс компанияларымен және белсенділерімен бірге экология мәселесі талқыланды

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button