Шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдедің арасында Шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстанда алғаш рет шұғыл медицина орталығы төтенше жағдайлар, пандемия, техногендік апаттар жағдайында өзара іс-қимыл жасау және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін бірыңғай базалық алаңға айналады.
Іс-шараға ТМҰ елдерінің денсаулық сақтау министрлері қатысты, бұл бастаманың өзара іс-қимылының жоғары деңгейін және саяси маңыздылығын көрсетеді.
Меморандумға қол қою барлық ТМҰ мемлекеттерінің аумағында шұғыл медициналық көмек жүйесін дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызды қадам болады.
Болашақта төтенше жағдайлар кезінде өзара көмекті нығайту және түркі мемлекеттерінің денсаулық сақтау жүйелерін дамудың жаңа деңгейіне шығару жоспарлануда.
🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
«Біздің санитариялық авиация жылына пациенттерді ел ішінде және шетелде тасымалдау бойынша 2 мыңнан астам ұшып шығады. Еліміздің 15 өңірінде тікұшақтар орналастырылды, жыл соңына дейін тағы екі жаңа медициналық авиация тікұшағы жеткізілетін болады. Бүгін Оңтүстік Кореяға ауыр жағдайдағы азаматымыз үшін алғашқы халықаралық ұшу жоспарланған, ол Алматыдағы республикалық клиникаға жеткізілетін болады. Біздің санавиациямыз көптеген басқа елдерден айырмашылығы мүлдем тегін және шалғай аудандардың тұрғындары үшін қолжетімді, мемлекет есебінен болады, әрбір ұшудың артында азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу тұр», – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құжатқа қол қойғаннан кейін.
🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
💬Ержан Әділбеков шұғыл медицина орталығының бұл алаңы Түркі достастығы елдерінің мамандарын бірлесіп оқытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Атап айтқанда, біз өзбек әріптестерімізбен симуляциялық орталықтың базасында мастер-кластар өткізуге келістік, онда біз жедел жәрдем дәрігерлерін әлемдік стандарттар бойынша медициналық көмек көрсету дағдыларына үйретеміз. Біздің орталықтың жанынан инсульт болған жағдайда науқастарға шұғыл көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіретін республикалық инсульт орталығы жұмыс істейді. Акушерлік, токсикология және басқа да бағыттар бойынша шұғыл орталықтар ашу жоспарда бар», – деді ҰШМҮО басшысы.
✅Іс-шараның шеңберінде қол қоюшы елдерден келесі өкілдер сөз сөйледі:
● Джалалов Миралам Рагим оглы – Әзірбайжан Республикасының Республикалық жедел медициналық және шұғыл көмек орталығының директоры
● Долонбаева Зуура Әбдібайытқызы — Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық Білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі
● Әділбеков Ержан Боранбайұлы — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы
● Доктор Битен Азиз Альпер – ЕО және сыртқы істер департаментінің бас директоры
● Туляганов Даврон Бақтиярұлы – Өзбекстан Республикасы Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығының бас директоры
Іс-шараға қатысушыларға жаңа жабдықтармен жабдықталған шұғыл медицина клиникасының бөлімшелері, бүкіл ел бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктері берілді, санитариялық авиация мен автокөліктің жаңа борттары көрсетілді.
ҰШМҮО – медициналық авиация, жедел жәрдем қызметтері мен қабылдау бөлімшелерінің жұмысын үйлестіретін озық көпфункционалды орталық. Кешенде 250 орындық стационар бар, оған 9 клиникалық орталық кіреді: жалпы хирургия департаменті (оның ішінде септикалық), акушерлік департаменті, политравма департаменті, терапия департаменті, кардиоторакалдық хирургия және кардиология департаменті, амбулаториялық хирургиямен урология департаменті, жалпы хирургия департаменті, гинекология департаменті, нейрохирургия департаменті, сондай-ақ ЛОР бөлімшесі және 29 медициналық бейінді қамтитын офтальмология бөлімшесі. > ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️: Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы қызметінің негізгі бағыттары стационарлық көмек, медициналық авиация, клиникалық-диагностикалық және консультациялық-диагностикалық көмек болып табылады.
🏦ҰШМҮО заманауи медициналық жабдықтармен (КТ 256 кескін, МРТ-3 тесла, ангио, рентген және ультрадыбыстық аппараттар) және 12 операциялық залмен жабдықталған. Сондай-ақ, ауруханада KINEVO 900 роботты хирургиялық бейнелеу жүйесі бар, ол жоғары дәлдік пен бейнелеу операцияларына мүмкіндік береді.