Жүлде қоры 10 млн теңгені құрайтын стартаптар байқауы өтеді

“Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025” форумы аясында стартаптар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды. Оған құрылғанына 5 жылдан аспайтын, турбизнес салаларының бірінде ІТ-технологияларды пайдалану арқылы инновациялық жобаларды дамытатын және кем дегенде өнімнің прототипі бар компаниялар қатыса алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Сарапшылар таңдаған 10 жобаның авторлары серіктестер мен инвесторларды іздеу мақсатында форумға қатысушылар алдында стартапты таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.
Сондай-ақ, конференцияда өз тәжірибесімен бөлісуге турбизнес салаларының бірінде IT-технологиялармен инновациялық жобаларды әзірлейтін стартаптар шақырылады:
саяхатты ұйымдастыруға арналған онлайн қызметтер;
туристік қызметтердің дистрибьюторлары-туроператорлар, онлайн-агенттіктер, маркетплейстер және т. б.;
туроператорларға, агенттіктерге, қонақүйлерге және т. б. арналған технологиялық шешімдер.
Туризм индустриясы үшін қосымша қызметтерді жеткізушілер.
Іс – шараны ұйымдастырушылар -Kazakh Tourism және “Pana” компаниясы. Оған Travel startups қоғамдастығы қолдау көрсетіп отыр.