Қоғам

Елордалық оқушыларға экскурсия жүргізілді

Астана халықаралық әуежайында елордалық оқушылар үшін танымдық экскурсия өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Экскурсия жастардың ой-өрісін кеңейту, авиация және қауіпсіздік саласындағы жұмысшы мамандықтармен таныстыру мақсатында өткізілді.

Оның аясында қатысушылар желілік полиция бөлімінде болып, әуежай аумағындағы тәртіпті қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, оқушыларға әуежайдың сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін жерүсті қызметтері мен қауіпсіздік жүйелерінің қызметі көрсетілді.

Іс-шара қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Әуежай полициясы желілік бөлімі қызметкерлерінің қолдауымен өтіп, жастарға кәсіптік бағдар беруде осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

«Біз жұмысымызды қарапайым тілмен түсіндіруге тырыстық, пайдалы кеңестер мен практикалық білімдермен бөлістік. Экскурсияның жас қатысушыларының қызығушылығын көру жақсы әсер берді», – деп атап өтті Астана әуежайындағы желілік полиция басқармасының жедел криминалистикалық бөлімінің бастығы Данияр Дайырбеков.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, авиация саласындағы мамандықтар және осы саладағы карьера мүмкіндіктері туралы көп мағлұмат алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button