Ел тынысы

Астаналық гандболшылар VI жастар ойындарының чемпионы атанды

Астанада қол добынан Қазақстанның VI Жастар ойындары өз мәресіне жетті. Апта бойы жалғасқан додада 2004 жылы туған қыздардан құралған жеті команда бақ сынасты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа Астана, Шымкент қалаларынан, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарының спортшылары қатысты.

Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде Астана қаласының құрамасы үздік ойын көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Шымкент қаласының командасы күміс жүлдеге қол жеткізсе, Қарағанды облысының қыздары қола жүлдені иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында бастау алған VI жастар ойындары қазан айына дейін жалғасады. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен жиналған спортшылар спорттың 34 түрі бойынша сынға түседі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button