Басты ақпаратҚала мен сала

Жайлы қала жолынан танылады

60-тан астам көше жөнделеді

Елордада жол жөндеу және жаңа жолдар салу жұмысы қарқынды жүргізіле бастады. Биыл қаладағы 60-тан астам көше жолдары жөн­деуден өтеді. Сонымен қатар бірнеше жаңа жол салу жоспарланған.

Елордада ауа райы жылына салысымен жолдарды абаттандыру, көгалдандыру және жөндеу жұмыстары басталды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы аралау барысында бірқатар жолдың салыну барысымен танысты. Оның айтуынша, биыл 60-тан астам көшені жөндеу жоспарланған. Тиісті жұмыс елді мекендердегі жолдарды да қамтиды.

«Қазіргі уақытта елді мекендердегі мына көшелерде жөндеу жұмысы басталды: Жаңақоныс, Қарталы, Фахт бен Абдул Азиз, А.Герцен, Ш.Бөкеев және т. б. Сол сияқты Алаш тасжолының 69-көшеден 191-көшеге дейін, Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылынан 128-көшеге дейін, Керей мен Жәнібек хандар көшесінің Сауран көшесінен Ш.Мұртаза көшесіне дейін және т. б. Бұдан өзге, биыл ұзындығы 14,7 км болатын 43 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. 8 жоба бойынша жұмыс толық көлемде аяқталады, 28 жоба бойынша әрі қарай жалғасады, тағы 7 нысанның жұмысы басталады. Соның ішінде: Қ.Қайсенов көшесі Бұқар жырау көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін; Бұқар жырау көшесі әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көшесіне дейін; Т.Рысқұлов көшесі Мәңгілік ел даңғылынан Нұра-Есіл арнасына дейін; Тәуелсіздік даңғылы Қабанбай батыр даңғылы жағынан және т. б.» деді Жеңіс Қасымбек. Қала басшысының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейлі көлік айырығын салу жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл – қаланың негізгі магистральдарының бірінде көлік ағынын оңтайландыруға арналған маңызды инфрақұрылым нысаны. Жоба қиылыста көлік қозға­лысын едәуір жылдамдатып, жол жүру уақытын қысқартады. «Биыл Ш.Бейсекова көшесінің бойында Н.Тілендиев даңғылы арқылы толыққанды қозғалысты қамтамасыз ететін өтпе жолдар мен съездердің металл аралықтарының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ш.Айтматов көшесі мен Қорғалжын тасжолының қиылысында көлік ағынын сейілту үшін жыл соңына дейін қозғалысты қамтамасыз ете отырып, Қ.Мұхамедханов көшесін салу жобасын іске асыру жүргізіліп жатыр. Жол жұмысы жол төсемінің сапасын жақсартуға ғана емес, сол сияқты қозғалыс қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлылығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, жоспарланған жұмыстардың қатарында жаңа тротуарлар салу, аялдамаларға кірме тұстарды, пандустарды және т. б. жайластыру бар» деді елорда әкімі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button