Биыл талапкерлер арасында қандай мамандықтарға сұраныс жоғары болды?
Олар механика, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар бойынша білім алғысы келмейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл талапкерлер арасында қандай мамандықтарға сұраныс жоғары болғанын айтты.
Оның айтуынша, соңғы 3 жылда мемлекеттік тапсырыстың 60%-ы инженерлік бағыттарға берілген.
Мысалы, жылу энергетикасы, педагогика, денсаулық сақтау, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, гидрогеология тәрізді мамандықтарға басымдық берілді. Сондықтан осыны ескеруіміз керек. Біз тағы да ақпараттық профориентациялық жұмыстарды күшейтуіміз керек. Неге? Себебі, әлі күнге дейін ең жоғары конкурс стоматологияда, бір орынға – 35 адам, халықаралық қатынастарда бір орынға – 12 адам, аударма ісінде бір орынға – 10 адам, психологияда бір орынға – 9 адам, құқық саласында бір орынға – 8 адам, сызу пәнінің мұғалімі, бір орынға 8 адам болды. Ең төменгі конкурс механика, мал шаруашылығы және көлік құрылыс (мамандықтары) бойынша тіркелді, – деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.
Сурет: Halyq Uni