Ел тынысы

Президент Маңғыстау облысына келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға жұмыс сапары барысында бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді. Мемлекет басшысына мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты.  Бүгінде аталған нысандағы көпмақсатты заманауи терминал Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша тәулік бойы жүк тиеу мен түсіру қызметін ұсынады. Порттың халықаралық көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы ұлттық және өңірлік логистиканы нығайтудағы айрықша стратегиялық мәнін көрсетеді.  Президентке Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективасы, соның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейту және порт қуатын жаңғырту жоспарлары жөнінде баяндалды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button