Қоғам

Астана қаласы Әділет департаментінің жұмысы қорытындыланды

Астана қаласы Әділет департаменті 2024 жыл мен 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын ұсынды. Департамент басшысының орынбасары Бақытжан Бейсеннің мәліметінше, басты назар сот актілерінің нақты орындалуына және борышкерлерге қатысты әкімшілік шараларды күшейтуге аударылып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылы мүліктік емес сипаттағы істер бойынша аумақтық бөлімнің өндірісінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 1 459 атқарушылық іс тіркелген. Оның ішінде 1 049 іс аяқталып, 937 іс нақты орындалған. Бұл көрсеткіш 89,9%-ды құрап, белгіленген межеден (71,4%) айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті. Оның жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрады.2025 жылдың бірінші тоқсанында 674 іс қаралып, оның 227-сі аяқталды, 207-сі нақты орындалған. Нәтижесінде үш айдың ішінде істердің 91,2 пайызы орындалып, оң серпін сақталғаны байқалды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 және 670-баптары аясында 2024 жылы сот орындаушылары әкімшілік сотқа 9 ұсыным жолдап, нәтижесінде барлық борышкер жауапқа тартылды.

2025 жылдың I тоқсанында 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Оның ішінде 11 тұлға жауапқа тартылып, 5 іс сот қарауында.

Мемлекет кірісіне 2024 жылы 38,8 млн теңге айыппұл өндірілсе, 2025 жылдың I тоқсанында бұл сома 7,8 млн теңгені құрады. Сонымен қатар 110 760 теңге көлемінде атқарушылық санкция өндірілді.

«2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан берешек өндіру жөніндегі аумақтық бөлімде 18 млрд теңге сомасына 1 017 атқарушылық іс жүргізу тіркеліп, оның 618-і аяқталған. 446 іс нақты орындалып, 4 млрд теңге өндірілді. Есепті кезеңде 2 млрд теңге сомасындағы 26 іс кері қайтарылып жабылған. Сонымен қатар 163 млрд теңге сомасындағы 95 іс басқа аумақтық ведомстволарға жолданды.

2025 жылдың бірінші тоқсанында 623 іс тіркеліп, олардың жалпы сомасы 16 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 181 іс аяқталып, 152-сі нақты орындалды», – дейді спикер.

Бұл ретте өндірілген сома 19 млрд теңгені құрап отыр, бұл бастапқы берешектен артық болғандықтан, қосымша тексеру жүргізілетін болады. Сондай-ақ, 767 млн теңге сомасындағы 8 іс өзге аумақтарға жолданды.

Бақытжан Смайылұлының айтуынша, департамент қызметінің басты басымдықтары – сот актілерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ борышкерлердің заң талаптарын орындауын бақылау.

«Біз құқықтық тәртіп пен орындаушылық тәртіпті нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Жоғары орындаушылық көрсеткіштер мен борышкерлерге қатысты қабылданып жатқан шаралар – біздің қызметіміздің тиімділігін көрсетеді. Мұндай нәтижелер – сот орындаушыларының кәсіби жұмысы мен өзара ведомствоаралық байланыстың нәтижесі, – деді Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button