Руханият

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлде қоры –3 миллион теңге.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қорғаныс министрінің қолдауымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасын өткізетінін хабарлайды.

Мүшәйра мақсаты:
– Жеңісті жырлау, батырлар ерлігін насихаттау,
– Әскери-патриоттық рухты көтеру,
– Қазіргі Отан қорғаушыларын қолдау және олар жайлы поэзиялық туындылар қалыптастыру.

Мүшәйраның номинациялары:
1-номинация:
– Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар, қаһармандық, патриотизм және Жеңіс тақырыбындағы 1 өлең.
2-номинация:
– Қазіргі Отан қорғаушыларына арналған, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері (танкист, ұшқыш, теңізші, артиллерист, барлаушы, байланысшы, десант т.б) өкілдерінің бейнесін сипаттайтын, ән мәтініне лайық 1 өлең.– Бұл номинация бойынша үздік шығармаларға ән жазылып, Қарулы күштер шығармашылық ұжымдарының репертуарына енгізіледі (автормен келісім бойынша).

Қатысу шарттары:
– Мүшәйраға 50 жасқа дейінгі  ақындар
қатыса алады;
– Бұған дейін жарияланбаған, ешбір байқауға қатыспаған туындылар ғана қабылданады;
– Өлең көлемі – 2 беттен аспауы тиіс (электронды нұсқада);
– Шығармаға қоса: автор туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі міндетті түрде қосылуы керек.

Шығармалар қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 30 мамырға дейін.
Электронды пошта: asker_mushaira@mail.kz

Қорытынды кеш:
2025 жылғы 10 маусым күні өтеді.
Жүлдегерлер ғана арнайы шақырылады.

Жол шығындары – қатысушылар тарапынан.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 3 000 000 ТЕҢГЕ!
Лайықты деген 10 ақынға – 300 000 теңгеден жүлде табысталады!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button