Елорда тынысы

ІІМ Бейбіт Шүменовті іздестіру неге тоқтатылғанын түсіндірді

ІІМ баспасөз қызметі Tengri Sport-қа бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шуменов мемлекетаралық іздестіру базасынан неге алып тасталғанын түсіндірді, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Танымал боксшыға қатысты жанжал былтыр шілдеде болған: ол кезде Шүменов Астанадағы сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Боксшы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмикін екені айтылды. Бірақ ол Қазақстаннан кетіп, мемлекетаралық іздеу жарияланған еді.

“Соталды тергеп-тексеру барысында жәбірленушіден тараптардың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты соталды тергеп-тексеруді тоқтату туралы өтініш келіп түсті, ақталмайтын негіздер бойынша оған бұдан былай шағымдар жоқ, материалдық залал толық өтелді.

Сонымен қатар, күдіктіден ақталмайтын негіздер бойынша тараптардың татуласуына байланысты оған қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы дәл осындай арыз түсті.

Астана полициясы бұл адамды іздестіруді 2024 жылдың 4 мамырында тоқтатты”, – деп жауап берді Tengri Sport ІІМ баспасөз қызметі.

 

Сурет: Egovpress Telegram арнасының бейнежазбасынан кадр. Фото Шүменов Vesti.kz © Тұрар Қазанғапов

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button