Елорда тынысы
МКҚ Астана аспанында байқалған жойғыш ұшақтарға қатысты пікір білдірді
Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары аспанында ұшып жүрген әскери ұшақтарды байқады. Оларға қатысты Мемлекеттік күзет қызметі (МКҚ) пікір білдірді, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әлеуметтік желілерде астаналықтар әскери ұшақтардың видеоларын бөлісіп жатыр. МКҚ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл Су-30СМ истребительдері. Ұшақтар қоғамдық және саяси оқиғаларға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
“Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелері бойынша көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі”, – деп толықтырды МКҚ.