Елорда тынысы

«Астана» мен «Ордабасы» еурододадағы жорығын жалғастырады

Бүгін, 8 тамызда қазақстандық клубтар еурокубок ойындарындағы кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алматыдағы Орталық стадионда UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік «Ордабасы» мен армениялық «Пюник» командалары кездеседі.

Ойын Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Кездесуді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сондай-ақ Сибиуде (Румыния) Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің матчында жергілікті «Корвинул» мен елордалық «Астана» кім мықтыны анықтайды. Муниципал атындағы стадионда өтетін ойын елорда уақытымен сағат 00:00-де басталады. Матчты Sport Plus Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

Еске салсақ, бұған дейін елордалық «Астана» командасы Молдованың «Милсами» командасын екі ойын қорытындысы бойынша  (1:0, 1:1) жарыс жолынан шығарған болатын. Ал, шымкенттік «Ордабасы» командасы пенальтилер сериясы арқылы «Дифферданж-03» клубынан басым түсіп, UEFA Конференция лигасының үшінші сатысына жолдама алды.

Өкінішке қарай қостанайлық «Тобыл» швейцариялық «Санкт-Галлен» клубынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button