Елорда тынысы

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына шақырамыз!

Дәстүрлі республикалық «Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңіне құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласы Білім Басқармасы 2024 жылы «Үздік педагог» атағын беру конкурсын өткізу бойынша төмендегіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 22 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында конкурстың қалалық кезеңі өтеді.

Елордалық педагогтер 22 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in сайтында құжаттарын жүктейді.  2-10 қыркүйек аралығында қалалық комиссия мүшелері педагогтерді бағалап, шешімдерін шығарады. Ең жоғары ұпай жинаған 10 педагог қалалық кезеңнің үздігі деп танылып, қыркүйек айында конкурстың Республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алады.

Конкурсқа шығармашылықпен жұмыс істейтін, зияткер, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары дамыған, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде үздік нәтижелерге қол жеткізген, озық тәжірибелі, талантты педагогтерді қатысуға шақырамыз!» — делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button