Қоғам

Суды ысырап етсе айыппұл да бес есе артады

Мәжіліс депутаттары Су ресурстары және ирригация министрлігімен су қатынастары субъектілерінің су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Заң жобасы су қатынастары субъектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су пайдаланудың және шаруашылық қызметтің белгіленген режимін сақтау, Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі су заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қатаңдатуды көздейді.

Су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойғаны үшін айыппұл артады:

— жеке тұлғалар үшін 5-тен 50 АЕК-ке дейін;

— лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30-дан 300 АЕК-ке дейін;

— орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 70-тен 700 АЕК-ке дейін;

— ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100-ден 1000 АЕК-ке дейін.

Еске сала кетейік, елімізде АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемі 3 692 теңге.

Сонымен қатар су объектілерін заңсыз иеленгені үшін айыппұл көлемі өседі:

— жеке тұлғалар үшін 30 дан 150 АЕК дейін;

— лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 40-тан 200 АЕК-ке дейін;

— орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 60-тан 300 АЕК-ке дейін;

— ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 260 — тан 1300 АЕК-ке дейін.

Одан бөлек, суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл артады:

— жеке тұлғалар үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін;

— лауазымды тұлғалар үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін;

— орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30-дан 150 АЕК-ке дейін;

— ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 170 — тен 850 АЕК-ке дейін.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 22 тамызға дейін жұртшылықтың талқысына ұсынылып отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button