Мәдениет

Елордада Роза Бағланова атындағы халықаралық ән байқауы өтеді

Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқауына қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен вокалистер шақырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2024 жылғы қыркүйекте Астанада аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау өтеді. Бұл ауқымды мәдени шара ұлы орындаушының шығармашылығын насихаттауға, сондай-ақ ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлерін жаңғыртуға, дамытуға бағытталған. Байқау талантты жас вокалистерді әлемге танытып, оларды қолдау үшін маңызды алаңға айналады.

Байқауға республикалық, халықаралық және телевизиялық вокалдық конкурстардың қатысушыларын, сондай-ақ мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының студенттерін қоса алғанда, 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы вокалистер шақырылады. Өтінімдерді 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылдайды.

Байқаудың ерекшелігі – Роза Бағланованың репертуарындағы бір әнді міндетті түрде орындау, бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға қазақтың ұлы әншісінің мұрасымен танысып, халықаралық сахнада өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізіледі, сондай-ақ әр елдің вокалистеріне өз талантын көрсетіп, мәдени мұраны сақтау мен дамытуға үлес қосуға бірегей мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button