Елорда тынысы

Елордада жыл басынан бері 32 бала терезеден құлаған

Жыл басынан бері елордада 5 сәби терезеден құлап, ажал құшқан, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Толығырақ Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бақытжан Мәуленбердиев айтып берді.

«Жыл сайын балалардың жарақат алу жағдайы артып барады. Оның қатарында балалардың терезеден құлауы да бар. Көбіне мұндай жағдайлар ата-ананың балаларды қараусыз қалдыруымен байланысты. Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша «112» пультіне балалардың терезеден құлауы жазатайым оқиғалары туралы 32 хабарлама түсті. Оның ішінде 5 бала қайтыс болды, 4 сәбиге амбулаториялық көмек ұсынылды және 23 бала әртүрлі дәрежедегі жарақатын алып ауруханаға жатқызылды», – деді Бақытжан Мәуленбердиев Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері елорда тұрғындарына жадынамалар таратып, оқыс жайттардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатыр.

«Бүгінде мамандар 3 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйді аралады. Әр үйдің кіреберісі мен лифтілерге 12 мыңнан дана астам жадынама жапсырылды. 15 075 тұрғынға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді», – дейді ТЖД өкілі.

 

 

Фото: pexels.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button