Білім

Мектептердің дайындығына мониторинг жүргізілді

Астана қаласының Байқоңыр ауданында ағымдағы аптада арнайы комиссия мүшелері мектептердің, колледждер мен ЖОО-ның жаңа оқу жылына дайындығы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Комиссия құрамында аудан әкімдігінің, Астана қалалық Білім басқармасының, аудандық Төтенше жағдайлар және полиция басқармасының, ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылауының өкілдері болды.
Мониторинг барысында сыртқы, ішкі бейнебақылау камераларының болуы, төтенше жағдайларға дайындығы, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік, оқу кабинеттерінің тиісті деңгейде жабдықталуы, инженерлік желілерінің жай-күйі қаралды.
Мониторинг нәтижесінде анықталған олқылықтарға сәйкес білім беру мекемелері басшыларына тамыз айының 15-іне дейін кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізу туралы тапсырмалар берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button