Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
10 тамызда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 градус жылы.
11 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
12 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 градус жылы.