Қоғам

Отбасы мәселелері — комиссия назарында

Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комисия биылғы жарты жылдықтағы жұмысын қорытындылады.  Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен комиссияның 2024 жылға бекітілген жұмыс жоспары жүзеге асырылып, қаланың дағдарыс орталықтары базасында кездесулер мен көшпелі отырыстар, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдау өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Комиссия үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, әлеуметтік-экономикалық блок бойынша бағдарламалар мен тұжырымдар әзірлеуге белсенді қатысып, өз бастамалары мен ұсыныстарын дайындайды, отбасын мүддесін қорғау мәселесінде азаматтардың өтінімдерін назардан тыс қалдырмайды.

Мәселелерді тереңірек зерттеу үшін Комиссия жанынан үш жұмыс тобы құрылды, бірі – өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдермен жұмыс. Бұл топтарда әйелдер көшбасшылығын отбасылық құндылықтар бойынша мәселелер қаралады. Топтардың басшылары тағайындалып, жұмыс чаты ашылған, инстаграм және фейсбук  әлеуметтік желісінде жұмыстар есебі жарияланып отырады (aielder_otbasy_komissiasy_ast, 3833-тен астам адам жазылған, 800-ден астам материал жарияланған), 50-ге жуық іс шара жүзеге асырылған.

-Біздің тарапымыздан отбасы мәртебесін арттыру, неке институтын нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, жұмыс орны мен отбасында зорлық-зомбылықтың жолын кесу, халықтың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ұсыныстар беру, халықтың өмір сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар кешенін жүргіземіз. Елордалық комиссия ақпараттық және бағдарламалық сюжеттерге белсенді қатысып, ҚР заңдары саласындағы мәселелерді қарауда сарапшылық етеді. Қалалық басқармалар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ-пен қатар ынтымақтаса жұмыс жүргізе отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған және көп балалы отбасыларға психологиялық, заңды түрде, әлеуметтік көмек көрсетеміз, оларды дағдарыс орталықтары және «Жанұя» орталығында қабылдаймыз, — дейді ол аталған комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан.

Комиссия жұмысына сәйкес буллингке және суицидке қарсы іс-қимыл бағдарламасы ретінде оң жағынан танылған «KiVa» (Финлядия) буллингке қарсы бағдарламасы жүзеге асырылуда, бұл бағдарлама білім беру ұйымдарында тұлғааралық жанжалдарды шешу, қудалаудың алдын алу бойынша балалармен жұмыста педагогтарға арналған нұсқаулықтар алғышарты болып саналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button