Денсаулық

Ағзаға магний жетіспесе не болады?

Қазіргі таңда көптеген адамның ағзасына магний дәрумені жетіспейді. Бұған немқұрайды қарамаған дұрыс. Өйткені магний – кальций сияқты ағзамызға ең қажет элемент.

Егер аяқ-қолдың ұюы, шаншуы, бұлшық еттің тартылуы, көңіл күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, күйзеліске тез түсу, ашуланшақтық, іш қату, өттің іркілуі, холестерин деңгейі­нің жоғарылауы байқалса, бұл – магний жетіспегеннің белгісі. Магний ағзада 500-ге жуық химиялық реакцияға қатысады. Ағзада бұл элемент өте аз болса, аритмия (жүрек ырғағының бұзылуы), остеопороз, гипертония, демікпе тәрізді аурулар пайда болады. Магнийсіз кальций сіңірілмейді. Сол себепті де остеопороз пайда болады. Жалпы магнийдің негізгі қызметтері жүйке жүйесін тыныштандыру, ішек жұмысын жақсарту, өттің бөлінуіне көмектесу, жүрек ырғағын дұрыстау, артериялық қысымды түсіру, кальциймен бірігіп сүйекті нығайту, дәрумендердің ағзаға сіңуіне көмектесу. Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына ұқыпты қарап, ағзасына қандай дәруменнің тапшылығы бар екенін анықтау үшін тиісті талдауларды тапсыру керек.

Нұржан САДЫҚОВ,дәрігер

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button