Елорда тынысы

Баскетболшылар жастарға жаттығу өткізді

Астанада Триатлон саябағында баскетболдан жастарға арналған ашық жаттығу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Тек Қазақстанда ғана емес, ВТБ Бірыңғай лигасында шетелдік клубтармен шеберлік байқасып жүрген «Астана» баскетбол клубының ойыншылары елорда жастарының шеберліктерін арттыру мақсатында ашық кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында кәсіпқой баскетболшылар пайдалы кеңестер беріп, дұрыс секірудің әдісін көрсетті. Кейін жиналған жастар кезекпен «Астана» клубының ойыншысымен бірге-бір ойнап, нағыз баскетболды сезінді. Ал себетке дәл түсірген жасөспірімдер арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Funny sport жобасы салауатты өмір салтын насихаттайды. Жобамызда көптеген спорт шаралары қамтылған. Бүгін көше баскетболынан арнайы жаттығу ұйымдастырылды. Елордамыздың басты спорт клубының бірі саналатын «Астана» баскетбол шеберлері жас ұрпаққа тәжірибелерін көрсетті. Бұл жақсы эмоция сыйлайды деген сенімдеміз. Жалпы бұл жоба арқылы біз қаламыздағы барлық спорт алаңдарын қамтып, тегін қай жерде айналысуға болатынын көрсетеміз», – деді іс-шара ұйымдастырушысы Жамиля Федосова.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын да түсіндіріп, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button