Руханият

Абай мен Фирдоусидің әдеби байланысы

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ізгі адамгершілік мұраттарының, салт-дәстүрінің, әдет-­ғұрпының, тілі мен мәдениетінің көрінісі. Ол – жаңа қазақ мәдениетінің, өркениетінің және әдебиетінің сәулетшісі, қазақ халқының өткен дәуірінің ең көрнекті ақыны әрі ойшылы.

Ұлы тұлға жаңа қазақ мәдениетінің негізін салуға үлкен үлес қосты. Ол өз халқы үшін терең ойшыл, құдіретті ақын, сенімді зерттеуші рөлінде ғана қалып қойған жоқ, сонымен бірге өзінің көмегі арқылы қазақ елінің хақты іздеушілерінің жолын нұрландырды.

Абай – қазақ халқының болмысын қалыптастыруға үлес қосқан бірден-бір тұлға. Бірақ бұл мақсатқа басқа мәдениеттерде кездесетін жақсы әрі жоғары құндылықтарды жоққа шығару арқылы қол жеткізген жоқ. Қазақтың ұлы ақыны, ғұламасы Абай Құнанбаев қалдырған асыл мұра оның ислам мәде­ниетінен, парсы өркениеті мен бай әдебиетінен нәр алғанын аңғартады. Ол өз туындыларында Хәкім Фердоуси Туси, Низами ­Гянджави, Саади Ширази және Хафез Ширази сияқты Иранның ұлы ақындарын бірнеше рет атап өткен. Ал өз жәдігерлерінде сол ұлы тұлғалардың шығармашылығынан үзінділер келтіруі – парсы ақындарына деген құрметінің белгісі.

Абай – жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы әрі қазақ халқының ең маңызды ұлттық тұлғаларының бірі. Біртуар ақын Таяу Шығыс елдерінің, әсіресе Фирдоуси сияқты танымал парсы ақын-жазушыларының әдеби шығармаларынан шабыт алған және оның туындыларында Шахнаманың түрлі тақырыптары мен мазмұндарын кездестіруге болады.

Қазақ ақыны Абай да өз шығармаларында қазақ халқын ғылым үйренуге шақырып, ана тілімен қатар араб, парсы, орыс тілдерін де меңгеруді тапсырып, «ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» деп айтып өткен.

Әли Акбар Талеби МАТИН,

Иран Ислам Республикасының Қазақстан

Республикасындағы ­елшілігінің мәдени

 істер жөніндегі кеңесшісі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button