Қоғам

«ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады.

Өтінімдер 2024 жылдың 13 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады.
Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

1️⃣ Жылдың үздік сұхбаты
2️⃣Жылдың үздік репортажы
3️⃣Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
4️⃣Жылдың үздік журналистік зерттеуі
5️⃣Жылдың үздік аналитикалық материалы
6️⃣Радиостанциядағы үздік жоба
7️⃣Жылдың үздік фотосуреті
8️⃣Жылдың үздік жаңалықтар порталы
9️⃣Үздік өңірлік БАҚ
🔟 Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)
1️⃣1️⃣Үздік подкаст
1️⃣2️⃣Үздік YouTube каналы

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «ҮРКЕР» – 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«URKER» – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button