Қоғам

ТМТМ бойынша Қытайдан контейнерлік транзит 14 есе өсті

Жыл басынан бері Қытайдан ТХКБ бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 есе өсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қытай мен Еуропаны/Түркияны байланыстыратын мультимодальды көлік дәлізін дамыту үшін “ҚТЖ” ҰК” АҚ және “KTZ Express” АҚ маршруттың басқа қатысушыларымен бірлесіп тасымалдау көлемін ұлғайту, сервисті және жүктерді жеткізу жылдамдығын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі кезде Алтынкөл станциясынан Апшеронға (Баку) дейін жеткізу мерзімі 9 күнге дейін, Поти/Батумиге (Грузия) – 12 күнге дейін, Поти/Батуми арқылы Констанцаға (Румыния) 20-22 күнге дейін қысқарды.
2023 жылы ҚТЖ Әзірбайжан мен Грузияның теміржол әкімшіліктерімен Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорнын құрды. Үйлестіру оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсете отырып және жеткізу мерзімі мен құнына кепілдік бере, маршрутта мультимодальды сервисті дамыту жөніндегі жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ҚТЖ ірі логистикалық халықаралық компанияларды тарта отырып, Каспийдегі порт және порт инфрақұрылымын белсенді дамытуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button