Елорда тынысы
Елордада 6 мыңнан астам студентке жатақхана қажет
Бүгінде елордадағы ЖОО балансында 16 мың төсек-орынға арналған 43 студенттік үй бар. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам студентке жатақханадан орын керек. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Тек биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 қоғамдық қалашық ашу жоспарлануда, оның бірі – «Алматы» ауданында 2700 орындық студенттік қалашық. Тағы екеуін 2025 жылы тапсыру жоспарлануда. Бүгін мәслихат отырысында «Астанада студенттік қоғамдастықтар құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселелері талқыланды, – дейді мәслихат төрағасы.
Жобаны іске асыратын барлық мүдделі тараптар үшін шарттар тең және жауапкершілік үлесі де бәріне бірдей. Мәселе тек Астана үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өзекті. “Ата-аналар балаларын басқа қалаларға оқуға жібере отырып, олардың қауіпсіз жерде екеніне және ұйқысы, тамағы және бос уақыты дұрыс екеніне сенімді болуы керек”, – дейді Е. Каналимов.