Елорда тынысы

Мемлекет басшысы елорда әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қала әкімі Президентке елорданың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді. Қаладағы барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты.

-Инвестиция көлемі 632 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артық, өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім, көлік және логистика салаларындағы жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр, дей келе әкім мектеп, қолжетімді баспана, медициналық орталықтар құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру мәселелері жөнінде баяндады.

-Биыл 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 студенттік жатақхана салынады. 170 аула мен қоғамдық орын, атап айтқанда саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар абаттандырылып, 70-ке жуық көше жөнделеді. Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтсақ, 16 мыңнан астам үлескер-отбасының 15,5 мыңы баспаналы болды. Қалған үлескерлер пәтерлеріне осы жылдың соңына дейін қоныстанады. Жылыту маусымына дайындықа келсек, биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегін, «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегін, сондай-ақ 3-ші ЖЭО-ның көмірмен жұмыс істейтін бөлігін іске қосу жоспарланып отыр, — деді елорда басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, шаһарды абаттандыру, сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты пысықтау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button