Мәслихат
Мәслихатта қала құрылысын жоспарлау ережелері талқыланды
Бүгін елордалық мәслихат отырысында Астананың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Көгалдандыру, көше және сәндік жарықтандыру, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды безендіру, жарнамалық белгілер, тұрғын үй қорын жаңарту және т.б. туралы айғақталды. Көптеген талаптар әлі де жетілдірілмеген, сондай-ақ елорда дизайн кодына да қатысты, ол әлі күнге дейін анықталмаған және қазіргі заманғы көзқарастарды қажет етеді, – деді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.
Көптеген проблемалық мәселелердің шешімі мәжіліс депутаттарының «Құрылыс кодексін» және «Жарнама туралы» Заңды қабылдауына байланысты жүзеге асады. Бүгін елорда әкімдігімен бірге елорданы абаттандырудың бірыңғай қағидаларын әзірлеп жатырмыз, бұл процесс сәулет келбетін жақсартуға ықпал ететін болады. Осыған орай төраға елорданың оң жағалауына ерекше назар аударып, туристер мен изнес үшін тартымды етуге тапсырма берді.