Денсаулық

Қазақстандық препарат қатерлі ісікті емдейді

Астанада қатерлі ісікке қарсы қазақстандық препарат клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өтті. Осыған орай елордадағы Назарбаев университетінде БАҚ  өкілдерімен арнайы брифинг өткізілді, журналистер зертханаға барып, қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрінің сақталатын орынын көрді.

Қазақстандық-америкалық биолог және NU профессоры Дос Сарбасов бастаған ғалымдар тобы NU зертханаларында жасаған ісікке қарсы препараттың клиникалық зерттеулері жалғасып жатыр. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, ғалымдар оның тиімділігін арттыру үшін препараттың қандай дозасын егу керегін анықтау жолында жұмыс істеп жатыр. Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінде препарат 15 пациентке аз мөлшерде енгізілді. 1 шілдеде тестілеудің екінші кезеңі басталды, оған клиникаға дейінгі сынақтар да кіреді.

Препараттың әсер етуі таргетті химиялық терапияға негізделген. Препарат төмен концентрацияда С витаминінің D түрі (D-VC) мен мышьяктың (arsenic trioxide, ATO) көп дозасын біріктіру арқылы мутацияланған қатерлі ісік жасушаларын (KRAS-мутацияланған жасушалар) өздігінен жоюға итермелейді.

KRAS гені – жасушаның белсенді түрде бөлінуі үшін өсу факторларының сигналдарын жіберетін шағын реттеуші ақуыз. Өсу факторлары ұрықтың денесінде көп мөлшерде болады және белсенді өсуді ынталандырады. Даму кезінде өсу факторларының концентрациясы төмендейді, ересек организм өсуін тоқтатады және тек жасуша регенерациясын сақтай алады.

— KRAS мутацияға ұшыраған кезде әрқашан белсенді болады, бөліну процесінің тоқтамауына, яғни ісіктің өсуіне әкеледі. Бүгінде мутацияның бұл түрі емделмейді, ұйқы безінің қатерлі ісігі бар науқастар бір жарым-екі жылдан артық өмір сүрмейді. Қатерлі ісіктің бұл түрі қазіргі онкологиядағы ең күрделі мәселе», –дейді доктор Дос Сарбасов. Профессор Д.Сарбасов бастаған ғалымдар тобы KRAS мутацияланған  жасушаларының глюкозаның аштығына өте сезімтал екенін анықтады. Онсыз қатерлі ісік жасушалары радикалдар жасап, жойыла бастайды. Адам ағзасын глюкозадан айыру мүмкін болмағандықтан, ғалымдар жасушалар шығаратын радикалдарды алып, оларды D-VC — С витаминінің стереоизомерлерімен біріктірді. KRAS-мутацияланған жасушалар оны глюкоза ретінде қабылдап, сіңіреді, бұл жасушалардың «стреске» ұшырауына және кейіннен өзін-өзі жоюына әкеледі.

Соңғы 3 жыл ішінде топ зерттеу жұмыстарының сенімділігін дәлелдеп, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінен клиникалық сынақтар үшін мақсатты қаржыландыру алды. Алғаш рет Алматы фармакологиялық зауытында С витаминінің D-формуласының шектеулі партиясы шығарылды. Ал екінші препарат – сынауға қажетті мышьяк оксиді Үндістаннан сатып алынды.

Препарат патенттелген. NU D-VC препаратың эксклюзивті лицензиясына ие.

Қазақстандық-америкалық биолог және NU профессоры Дос Сарбасовпен сұхбатты алдағы нөмірлеріміздің бірінен оқи аласыздар.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button