Елорда тынысы

Базар жағдайын бағалады

Кеше Астанадағы ең үлкен қойма және сауда орталығы саналатын Шарын базарына Amanat партиясының өкілдері рейд жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – Amanat партиясының Республикалық сайлауалды бағдарламасындағы «кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау, «Шарын» базарының аумағын абаттандыру, коммуникациялар, орталықтандырылған су жүргізу» хаттамалық тапсырмасының қаншалықты жүзеге асып жатқанын көзбен көру. Сондай-ақ халық ең көп келетін базардың жөндеу жұмыстарымен танысу.

Аталған іс-шараға Amanat партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед ­Болысбек және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Өңірлік даму мәселелері жөніндегі кеңестің және Amanat партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің төрағалары, партияның елордалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы, «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» және Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары қатысады.

Партияның алға қойған мақсаттарының бірі – халықтың әл-әуқатын арттырып, оларға қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлікті дамыту екенін айтқан Amanat партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек Шарын базарының жөндеу жұмыстарының уақтылы бітуін қадағалау керектігін баса айтты. Сондай-ақ қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілмей жатуының себебі құжаттарға байланысты екенін айтып, базар басшылығы мен жауапты органдарға құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтап, базар аумағын сапалы абаттандыруды тапсырды.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button