Елорда тынысы

“Астана” келесі кезеңге өтті

“Астана” өз алаңында қарсыласын ойсырата ұтып, Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында “Астана” мен “Корвинул” клубтары кездесті.

14 тамызда Алматыда елордалық “Астана” футбол клубы румыниялық “Корвинулға” қарсы қарымта матчын өткізіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл матчта астаналық ұжым сапынан Джеффри Чинеду (13 және 68-минут), Марин Томасов (57 және 75-минут), Назым Грипши (73-минут), Эльхан Астанов (84-минут) көзге түсті. Ал “Корвинул” сапынан Михай Велисар (78-минут) жалғыз голдың авторы атанды.

Румынияда өткен бірінші матчта “Астана” клубы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Айта кетейік, “Астана” футбол клубы келесі кезеңде “Сент Миррен” (Шотландия) – “Бранн” (Норвегия) командаларының жеңімпазымен ойнайды.

Сондай-ақ ертең, 15 тамызда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік “Ордабасы” сырт алаңда армениялық “Пюникке” қарсы қарымта кездесуін өткізеді. Алғашқы ойында шымкенттік ұжым 0:1 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button