Елорда тынысы

Air Astana мен FlyArystan компаниялары тексеріледі

Қазақстандықтардың шағымынан кейін Air Astana мен FlyArystan компаниялары тексеріледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Азаматтық авиация комитеті Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ әуекомпанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы комитет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

«Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды», — делінген хабарда.

Сонымен қатар «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.

Еске салсақ, 13 тамызда Алматы-Бейжің рейсіне дайындық кезінде әуе кемесінің есігі тамақтандыру құрылғысынан зақымдалып, рейс тоқтатылған болатын.

 

Сурет: pixabay.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button