Қоғам

Отбасы күні — музейде

Геология комитетінде Отбасы күніне орай Комитеттің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Астана қаласындағы минералогиялық музейге саяхат ұйымдастырылды. Шара аясында Комитет қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері музейді аралап еліміздің және әлемнің бірегей сирек кездесетін жер қойнауының қазба үлгілерімен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Музей Астана қаласындағы бұл сипаттағы жалғыз музей болып табылады және Орта азия елдеріндегі ең үздіктердің қатарында.   Музейде мыңнан астам экспонат жиналған. Оның негізін салушы Қазақстанның еңбек сіңірген геологы Олжабай Исмаилов болып табылады.

Саяхат барысында О. Исмаилов келушілерді музей экспонаттарымен кеңінен таныстырып шықты. Бірқатар экспонаттардың тарихына тоқталып, олардың отандық геологиядағы орнын бағалап өтті.

Музей экспозициясын тау жыныстары коллекциясы, асыл және жартылай асыл тастар құрайды, сонымен қатар музейде палеонтологиялық коллекция мен көне геологиялық құралдар коллекциясы да бар.

Комитет қызметкерлерінің ерекше қызығушылығын тудырған бөлім бұл геологиялық әдебиет мұрағаты, мұнда XIX-XX ғасырлардың басылымдары сақталған екен.

Музейге саяхат Комитет қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне үлкен әсер қалдырды, бұл сипаттағы бірлескен шаралар отбасы институтын нығайта түсуге оң ықпалын тигізеді деп санаймыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button