Астанада өсімдік майларын регенерациялау өндірісі іске қосылды
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары бизнес-сектормен әріптестік шеңберінде пайдаланылған өсімдік майын қайта өңдеудің және олардың негізінде жемшөп майларын алудың инновациялық технологиясын әзірледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ғылым қоры университет пен «Сүлейменов» ЖК арасында байланыстырушы буын болып, жоба ғылым мен бизнесті біріктірудің сәтті үлгісі болып табылды. Жоба коммерциялық құндылықты ашу бойынша Ғылым қорының питчтері арқылы өтті және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің алдында Технологияларды коммерцияландыру реакторында таныстырылды.
Бұдан әрі ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын іріктеуге арналған конкурстың қорытындысы бойынша қаржыландырылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда күнбағыс майын тұтыну өсуде және тоқсан ішінде ауыл тұрғыны орташа есеппен шамамен 3,7 литр май, ал қала тұрғыны 3,3 литр май жұмсайды.