Қоғам

Қазақстанда 8 млн адам спортпен тұрақты шұғылданады

Қазақстанда 8 миллионан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтіледі. Елімізде 4 олимпиадалық даярлық орталығы және 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы бар. Бүгінде 8 млн-нан астам қазақстандық тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл жалпы халықтың 40,4%-ына тең, оның 3 млн-нан астамы ауыл тұрғындары. 300 мыңға жуық бала мен жасөспірім 780-нен астам балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында спортпен айналысады.

Республикада жыл сайын әртүрлі деңгейде 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Оған 1,2 млн адам тартылады. Ауылдық жерлерде тұратын 500 мың адам да аталған іс-шаралардан сырт қалмайды. Әсіресе, кейінгі жылдары жүгіру, марафон, велошеру мен веломарафон, спорттық фестиваль секілді жарыстар мен отбасылық іс-шаралар халық арасында кең таныла бастады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан құрамасы 365 республикалық және шет елдердегі 419 халықаралық жарыстарға қатысты. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша спортшыларымыз әлем, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде 482 медаль жеңіп алды. Оның 179-ы – алтын, 146-сы – күміс және 157-сі – қола медаль.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button