Елорда тынысы

Тұран даңғылының «Хан Шатыр» маңындағы учаскесі жабылды

Астанада Тұран даңғылының бойындағы «Хан Шатыр» сауда үйінің аялдамасына баратын жол жабылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы City Transportation Systems мәлімдеді.

«Осыған байланысты №№ 26, 29, 29А, 32, 46, 50, 53, 55Б, 56, 66, 201 бағдарлар аталған аялдамада жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді», — делінген хабарламада.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

 

Сурет:  Tengrinews.kz

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button