Елорда тынысы

Қоршаған ортаны қорғауға атсалысты

Елордалық Жетісу саябағында «Дармарка» экоакциясы өтті. Оның аясында қала тұрғындары қажетсіз заттарға «екінші өмір» сыйлады.

Іс-шараны елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы экобелсенділері мен BI Group компаниясы бірлесіп ­ұйымдастырды.

«Дармарка – бұл жақсы және таза киімдерді, кітаптар мен балалар ойын­шықтарын қабылдаудан тұратын тегін сыйлық жәрмеңкесі. Іс-шара көптеген затқа экологиялық таза өмір сыйлауға мүмкіндік береді. Қала аумағында жиналған заттар жөнелтілетін қайта өңдеу өндірісі бар. Қарапайым әрекеттермен біз қоршаған ортаның жағдайын жақсартамыз. Біздің басқарма табиғи ресурстарды тұрақты дамыту және сақтау үшін белсенді жұмыстарды жүргізеді» деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

Жетісу саябағында киім жинау­ға арналған аймақ және картон, ­пластик, қағаз, шыны, мерзімі өткен дәрі-­дәрмектер, алюминий банкалар және т. б. қоқыс жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды. Сонымен қатар келушілер үшін экологиялық тренингтер, шопперлерді бояу және би бойынша шеберлік сабақтары да­йындалды. Жануарларға арналған баспана, эко-дүкендер, кітап алмасу сияқ­ты тақырыптық аймақтар құрылды.

«Өміріміздің сапасы қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Бәріміз күнделікті қалдықтарды шығарамыз. Біздің іс-шара тұрғындарды қоқыспен дұрыс жұмыс істеуге үйрету үшін ұйымдастырылған. Өкінішке қарай, көптеген адам үйде қауіпті қалдықтар, батареялар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, шамдар сақталуы мүмкін екенін білмейді. Осының бәрін біз «Дармаркада» жинаймыз, ересектер мен балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткіземіз. Кішкентай қонақтарға аниматорлар шақырылып, қалдықтарды бөлек жинау бойынша тренингтер дайындалды» деп атап өтті Экология және табиғи ресурстар министрлігінің экобелсендісі және елшісі Мәриям Қасымова.

«Дармарка» экоакциясы «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экология науқаны аясында ай сайын өтіп тұрады. Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды жинау жұмыстары жүргізілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button