Елорда тынысы

АЭС салу бойынша қоғамдық пікірталастар циклін жабатын жария талқылаулар аяқталды

Астанада Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық пікірталастар циклін жабатын жария талқылаулар аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұған дейін мұндай іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткен болатын.

Талқылауға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты. Іс-шараны Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева мен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар докторы, доцент Зулфухар Гаипов жүргізді.

Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова өз сөзінде Қазақстанда электр энергиясының 70%-ы көмір станцияларында өндірілетінін, олардың орташа тозуы 70%-дан асатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл станциялардың кейбірі келесі 10 жыл ішінде пайдаланудан шығарылуы керек. Ал елімізде электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсімі шамамен 3%-ды құрайды. Ең жоғары сағаттарда Қазақстан шекаралас елдерден электр энергиясын жоспарлы түрде сатып алады.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша тұтынылған 115 млрд кВтсағ энергияның 2 млрд кВтсағатынан астам көлеміРесей Федерациясынан жоспарлы түрде сатып алынды. Болашақта бұған жол бермеу үшін біз қазірдің өзінде тиісті шаралар қабылдауымыз керек. Қазіргі уақытта көптеген елдер АЭС салуда. Қытайда 26 реактор салынып жатыр, Беларусь пен Біріккен Араб Әмірлектері өзінің алғашқы атом электр станцияларын салды, Түркия атом электр станциясын салуда, ал көршіміз – Өзбекстан шағын атом станциясының құрылысы туралы жариялады», ― деп атап өтті Гүлмира Мұрсалова.

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин бүгінгі таңда Қазақстанның солтүстігінде электр энергиясының тапшылығы сезілмейтінін атап өтті.

Генеральный директор ТОО «Казахстанские атомные электрические станции» Тимур Жантикин подчеркнул, что сегодня пока не ощущается дефицит электроэнергии на севере Казахстана. Алайда оңтүстікте жағдай күрделірек, Солтүстік-Оңтүстік желісі қазіргі уақытта 2100 мегаваттқа дейін өткізеді, бұл оңтүстік аймақтарды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

Тимур Жантикин бұған дейін 13 түрлі АЭС жобасы ұсынылғанын, оның төртеуі таңдалғанын атап өтті. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС басшысының айтуынша, атом электр станциясының құрылысы ел экономикасы мен өнеркәсіптің жанама салаларын дамыту үшін елеулі мультипликативтік әсер береді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Қазақстанда АЭС салу үшін бір-бірін сәтті толықтыратын және өзара алмастыратын пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелері бар III және III+ буынының барынша қауіпсіз реакторлары ұсынылуда. «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры Эрлан Батырбековтің айтуынша, мамандандырылған физикалық кедергілер мен апатқа қарсы әрекет ету шараларының жиынтығы қазіргі заманғы АЭС-тің терең эшелондалған қорғауын құрайды. Бұл ретте қазіргі заманғы реакторлардағы пассивті салқындату жүйелері оператор тарапынан толық әрекетсіздік кезінде үш тәулік ішінде авариялық реактордан жылуды дербес бұруға қабілетті.

«Ядролық физика институты» РМК бас директоры Саябек Сахиев бұл Институтта ВВР-К зерттеу реакторы, сыни стенд (нөлдік қуаттылық реакторы) және зарядталған бөлшектердің алты үдеткіші кешенін қамтитын бірегей инфрақұрылым бар екенін хабарлады. Институттың 23 зертханасында ядролық және нейтрондық физика, қатты дененің радиациялық физикасы, радиоэкология және радиохимия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Институтта сонымен қатар заманауи аналитикалық және сынақ жабдықтарымен қамтамасыз етілген үш ғылыми-техникалық орталық бар. Барлық орталықтар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қолдауымен құрылған.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін талқылауға қатысушылар сұрақтар қойып, атом электр станциясының құрылысы туралы өз пікірлерін айта алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button