Елорда тынысы
Жүргіншілер көпірінде көлік айдаған
Жүргізуші Астанадағы жаяу жүргіншілер көпірінде көлік айдағаны үшін жазаланды. деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ол ұсақ бұзақылық пен абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Renault автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер көпірі арқылы жүру, жол төсеміне зақым келтіру, мемлекеттік нөмірсіз басқару және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші “Нұра” ауданының ПБ – не жеткізілді және абаттандыру ережелерін бұзғаны, қаланың жасыл желектерін қиратқаны және бүлдіргені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін тартылды”,-деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қамалды. Құқық бұзушы уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылып, материал сотқа жіберілді.