Елорда тынысы

Қазақстандықтар Конституция күніне орай қалай демалады?

Тамыз айында барша қазақстандықтар Конституция күнін тойлайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осы орайда 30 тамызда ел тұрғындары демалыс алады.

Мереке және демалыс күндер күнтізбесіндегі ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы 30 тамыз Конституция күні жұмаға сәйкес келеді. Сол себепті ел тұрғындары бұл күні демалады. Биыл қазақстандықтар демалыс күндерін қосқанда үш күн қатарынан – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады.

Еске салайық, 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. 29 жылда еліміздің Конституциясына 6 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл күні еліміздің барлық облысы мен қаласында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік шаралар мен концерттер өтеді.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button